$ 541.01  640.34  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Депутат кәсіпкерлерге қысым жасайтын бұйрықтарды жоюды талап етті

Болатбек Нажметдинұлы нормалардағы бірнеше қателікті атап өтті 

Депутат кәсіпкерлерге қысым жасайтын бұйрықтарды жоюды талап етті
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Болатбек Нажметдинұлы кәсіпкерлердің құқығын шектейтін жаңа талаптарды сынға алып, олардың күшін жоюды сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстан Республикасының «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 22 және 24-баптарына сәйкес, депутаттар заңдардың орындалуына парламенттік бақылауды жүзеге асыруға міндетті»,- деді ол.

Депутаттың айтуынша, Кәсіпкерлік кодекстің 65-3-бабында әрбір жаңа міндетті талап тек екі ескі норманы алып тастаған жағдайда ғана енгізілуі тиіс деген қағида бекітілген.

«Ал АППК-нің 9, 12 және 13-баптары заңның үстемдігін және кәсіпкерлердің мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерінен қорғану құқығын кепілдейді»,- деп атап өтті Нажметдинұлы.

Сонымен қатар, ол № 353 бұйрығына енгізілген жаңа редакциялар (№ 239 және № 251 бұйрықтарымен) осы негізгі қағидаттарды бұзғанын айтты.

«Ескі нормаларды алып тастамастан, қатаң шектеулер енгізілді. Мәселен, рұқсаттар нақты бір көлікке ғана байланды; тасымалдаушылар жылына 6-дан артық бланкті қайтара алмайды», -деді депутат.

Оның сөзінше, бұл нормалар өте қысқа мерзімде келісіліп, сүзгіден өтпей бекітілген.

«Соған қарамастан, бұл нормалар қабылданып, бүгінгі күні қолданыста тұр, нарық қатысушыларына орны толмас залал келтіріп отыр», - деп мәлімдеді ол.

Депутат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың заңнаманы жеңілдету қажеттілігі жөніндегі сөзін еске салды.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, соттар мен заңдар жүздеген түзетулермен шамадан тыс жүктелген, олар бір-біріне қайшы келіп, даму процесін тежейді және инвесторларға кедергі жасайды. Бұл жағдайда Ұлттық экономика министрлігінің аталған бұйрықтары бизнесті қорғаудың орнына әкімшілік қысымды күшейтіп, реттеуші реформаның өзіне нұқсан келтірді», - деді Нажметдинұлы.

Осыған байланысты депутат бірнеше ұсыныс айтты:

  • АРВ департаменті мен оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне баға беру;
  • № 239 және № 251 бұйрықтары бойынша АРВ қорытындысын қайта қарау;
  • Аталған бұйрықтардың күшін жою;
  • АРВ рәсіміне көзқарасты қайта қарап, салалық органдар бастамаларын формалды түрде келісу тәжірибесін алып тастау.
Серіктес жаңалықтары