Бас прокуратура түрмеден ерте шыққандарды «смарт-камера» арқылы бақылап отырады

Автор: Бақыт Шынар

Жыл басынан бері пробация есебінде тұрған 2 мыңнан астам адам қайта түрмеге түскен

Фото: gov.kz

Бас прокуратура «Цифрлық қадағалау» жобасы аясында пробация есебіндегі тұлғаларды бақылау үшін қоғамдық орындарға «смарт-камералар» орнатты. Жыл басынан бері пробация есебіндегі 2 354 адам қайта түрмеге түскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құзырлы орган бас бостандығынан айырылмаған, алайда, үйқамақ, шартты түрде мерзімінен ерте шыққандар, қоғамдық жұмысқа жегілген азаматтардың заңды сақтауына аса мән беріп отырмыз дейді.

«2025 жылдың 8 айында пробация қызметінің ұсыныстары бойынша соттар 2 354 сотталушының жазасын бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Мысалы, Қарасай ауданы пробация қызметінің есебінде тұрған келіншек 3 жыл 2 айға бас бостандығын шектеу жазасын алып, пробациялық бақылауда болған. Алайда, ол 2025 жылы 12 маусым мен 5 шілде аралығында ол алты рет ұсақ бұзақылық жасаған», - деп хабарлайды Бас прокуратура.

Сондықтан өзге 2354 адам сияқты ол да жазасын түрмеде өтейтін болды.