Бүгіннен бастап қыз алып қашқандар оны жібере салса да сотталады

Автор: Бақыт Шынар

Қыз алып қашу ауыр зардаптарға әкеп соқтырса, адам 10 жылға дейін сотталады

Фото: freepik.com

Бүгін, 2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 125 бабына бірінші тармақ - «Некеге мәжбүрлеу» тармағы енді. Бұдан өзге осы 125-баптың ескертпесі күшін жойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Айта кетейік, бұрын 125-баптың ескертпесіне сай егер жігіт қызды еркінен тыс алып қашып, бірақ, артынан оны жіберсе, қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кететін еді. Жаңа өзгерістерге сай, бұл ескертпе күшін жойды.

Бұдан өзге 125 баптың 1-тармағына сай, біреуді некеге мәжбүрлегендер енді ірі көлемде айыппұл төлейді, болмаса, қоғамдық жұмысқа тартылады немесе екі жылға дейін сотталады.

Ал егер алып қашу кезінде ауыр қыздың денсаулығына ауыр зиян тисе болмаса ол көз жұмса, ер адам 10 жылға дейін сотталады.