Үкімет жемқорлардан қайтарған ақшаға Шет ауданына жаңа медициналық пункт салып берді

Автор: Бақыт Шынар

Емхана 200 адамға ем-дом көрсете алады

Фото: үкімет

Қарағанды облысы Шет ауданы Еңбекшіл ауылында жаңа медициналық пункт жұмысын бастады. Әлеуметтік нысан кезінде заңсыз иемденілген активтер есебінен салынған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үкіметтің мәліметіне сүйенсек, медициналық пункт 200-ден астам тұрғынға қызмет көрсетуге арналған және заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылған.

«Қарағанды облысында Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген қаражатқа жоспарланған 51 медициналық мекеменің 24-і салынды, оның 11-і пайдалануға берілді. Қалған 27 нысанның құрылысы жалғасуда. Оларды тапсыру биыл қыркүйек айының соңына жоспарланып отыр», - деп хабарлайды үкімет.