«Ең арзаны – Майкөбе»: Астана әкімдігі көмір бағасына қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Автор: Бақыт Шынар

Әкімдік көмір сатылатын орындардың мекен-жайын хабарлады

Фото: freepik.com

Астана әкімдігі тұрғындар үшін көмір сатылатын орындар мен оның бағасы туралы ресми ақпарат таратты: қаладағы 17 қоймада Шұбаркөл, Қаражыра және Майкөбе кен орындарының көмірлері сатылып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, биыл қалада 17 көмір қоймасы ашылып, 14 нүкте көмір сатады. Ал көмірдің орташа бағасы мынадай:

  • Шұбаркөл – 18 000 теңге/тонна;
  • Қаражыра – 18 500 теңге/тонна;
  • Майкөбе – 15 500 теңге/тонна.

«Көмір сататын жерлерде 8 көмір жеткізуші компания қызмет көрсетеді. Олар мына мекенжайларда орналасқан: Герцен көшесі, 4/1, Герцен көшесі, 6/2, Көктал, 28/2, Мақат, 40, Жамбыл Жабаев көшесі, 76, Ахмет Жұбанов көшесі, 35, Дулатов көшесі, 182/1, 85-көше (ЖЭО-3 ауданы), уч. 9А, Герцен көшесі, 6Б», - деп хабарлайды әкімдік.