Тестілеудің алғашқы күні Қазақстан бойынша 6 586 бала ҰБТ тапсырды
Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова бүгін БАҚ алдында ҰБТ-ның алғашқы күнін қорытындылады. Естеріңізге сала кетейік, 21 маусым күні Қазақстанда мектеп түлектерінің Ұлттық бірыңғай тестілеуі басталған болатын.
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұлттық тестілеуді өткізу ережелеріне сәйкес, 20 маусым мен 5 шілде аралағында елімізде ҰБТ өтеді. Жалпы, маусым айындағы тестілеуге қатысу үшін 131 754 өтініш түскен. 21 маусым күні ҰБТ еліміздің 15 өңірінде басталып, 161 пунктің 51-де өтті, оның 44-і ауылды жерде орналасқан», - деп хабарлады Наужан Дидарбекова.
Тест тапсыруға өтініш берген 131 мыңнан астам оқушының алғашқы 6 586-сы 21 маусым күні сынақтан өтіп шықты. Биылдан бастап тыйым салынған затпен ұсталған оқушы тест тапсыруға мүлдем өте алмайды.
«Жалпы, ҰБТ-ның алғашқы күні барлығы 6 512 бала қатысу керек еді, бірақ, 6 586 тестіленуші келді. 2020 жылғы жаңашылдықтардың бірі – ғимаратқа кіргізу кезінде тыйым салынған заттар табылған жағдайда, тест тапсырушы тестке жіберілмейді. Осы қиғаданы ұстана отырып, 21 маусым күні республика бойынша 73 тестіленуші ҰБТ-ға өткен жоқ. 91 тест тапсырушы тәртіп бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды. Барлығы 164 түлек. Олардың нәтижелері жойылып, биыл қайта тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды», - деп хабарлады Дидарбекова.