$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.06.2020, 00:57
Қоғам

ҰБТ-ның алғашқы күні 160 түлек ереже бұзды

Олар оқуға түсу мүмкіндігінен айырылды

ҰБТ-ның алғашқы күні 160 түлек ереже бұзды
Фото: ашық жереккөзден

Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күнінде 160 талапкер ереже бұзды, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қатысушылар металл іздегіштен өтпес бұрын ережелерді ұстану туралы міндеттемелермен танысып, тыйым салынған заттардың жоқтығы туралы құжатқа қол қояды. Тыйым салынған заттарды қолдануға жасалған кез келген әрекет тест нәтижелерін жарамсыз етеді, қатысушы аудиториядан шығарылады және осы жылы ҰБТ-ны қайта тапсыра алмайды. Алғашқы күні тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқан 73 және тест тапсыру барысында ҰБТ ережелерін бұзған 87 талапкер, яғни 160 адам тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Олардың басым көпшілігі Түркістан облысы мен Шымкент қаласында тіркелген», - деп жазылған хабарламада. 

Айта кету керек, 25 тамызға дейін әр аудиториядан алынған бейнежазбаны мамандар зерделейді. Егер бейнематериалдарды талдау кезінде ережелерді бұзу фактілері анықталса, талапкердің тест нәтижелері жойылады. Егер қатысушыға грант тағайындалған болса, ол қайтарылады.

Серіктес жаңалықтары