Осы күнге дейін түскен өтінімдер қарала береді
Отбасы банк биыл 15 қыркүйектен бастап тіс емдеуге зейнетақы жинағын пайдалану бойынша өтінім қабылдауды тоқтатады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Құрметті клиенттер! 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап enpf-otbasy.kz платформасында зейнетақы жинағының артық бөлігін тіс емдеуге пайдалану бойынша өтінімдер қабылданбайтынын хабарлаймыз. Осы күнге дейін жіберілген өтінімдер штатты режимде қаралады», - делінген Отбасы банктің хабарламасында.
Отбасы банк зейнетақы жинағын тіс емдеуге пайдалану бойынша өтінімдерді қайта қабылдау қашан басталатынын қосымша хабарлайтынын мәлімдеді.