«AMANAT» фракциясының мүшесі компанияның құрылыстарын тексеруді талап етті
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Сергей Пономарев премьер-министр Олжас Бектенов пен Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының атына депутаттық сауал жолдап, RAMS құрылыс компаниясының қызметін тексеруді және мегаполистегі ретсіз құрылысты тоқтатуды талап етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Депутаттың айтуынша, аталған компанияның тұрғын үй кешендеріне қатысты шағымдар көп. Алматы тұрғындары электр мен су тапшылығына, автотұрақтың аздығына наразы.
«Компания бұрынғы құрылыстарды аяқтамай жатып, жаңа алып нысандарды салуға кіріскен. Ең соңғысы – «Beyond» атты 40 қабатты мұнара. Бұл бастама қоғамда үлкен қарсылық туғызды. Депутаттардың араласуымен құрылыс уақытша тоқтап, тексеріс басталды», – деді Пономарев.
Ол сондай-ақ компанияның бұрынғы уәделері орындалмағанын айтып, компания жолдарды кеңейтпегенін, әлеуметтік нысандарды да салмағанын, аймақты көгалдандырмай қойғанын да ашық айтты.
Депутаттың ұсыныстары: