Тоқаев халыққа жолдауында 2027 жылы референдум өткізуді ұсынған болатын
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Болат Керімбек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында көтерген бастамасына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Президент Жолдауда бір палаталы Парламент құру және оны партиялық тізім бойынша сайлау жөн болатынын мәлімдеді. Мемлекет басшысы бұл мәселенің 2027 жылы жалпыұлттық референдум арқылы шешілетінін, содан кейін Конституцияға тиісті өзгерістер енгізілетінін атап өтті.
«Мен Сенатқа он жыл басшылық еттім. Бұл жұмысты қашанда зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік деп санадым. Сондықтан маған осы мінберден парламенттік реформа туралы айту оңай емес. Соған қарамастан мен дәл бүгін елімізде көп ұзамай бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтергім келеді. Бірден айтайын, бұл – өте маңызды мәселе. Оны асығыс жүзеге асыруға болмайды. Бұл реформа азаматтық секторда, сарапшылар ортасында, сондай-ақ, әрине, қазіргі Парламентте жан-жақты талқылануы қажет. Реформаның мән-маңызы айрықша екенін ескерсек, оны талқылауға бір жыл уақыт керек деп ойлаймын. Содан кейін, яғни, 2027 жылы жалпыұлттық референдум өткізуге болар еді. Содан соң Конституцияға тиісті өзгеріс енгізе аламыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент мемлекеттің тағдырын айқындайтын барлық мәселе халықтың келісімімен ғана шешілетінін тағы бір айқындап өтті», - деді депутат.