Бағаны өсіріп жіберген: «Қазақтелеком» операторына қатысты тергеу басталды
Былтыр дәл осы оператордың тарифтері 20%-ға қымбаттаған

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Қазақтелеком» АҚ-ға қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Агенттік байланыс операторларының сымды интернет қызметтеріне баға динамикасын зерттеген.
«Қазақтелеком» АҚ әрекетінде қызмет құнына монополиялық жоғары баға қою белгілері байқалды. Мәселен, 2024 жылы оператордың жылдамдығы 100 Мбит/сек., 200 Мбит/сек. және 500 Мбит/сек. интернетінің бағасы 20%-ға көтерілген. Осыған байланысты қазір агенттік аталған операторға қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу деректері бойынша тергеп-тексеру жүргізіп жатыр», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, ұялы байланыс нарығында да бағаны негізсіз көтеру белгілері анықталып отыр. Қазіргі уақытта агенттік ұялы байланыс операторына қатысты тергеу бастау мәселесін қарап жатыр.