$ 538.33  626.99  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 11:26
Қоғам

Қазақстанның 138 мың оқушысы үшін жақсы жаңалық жарияланды

Мемлекет балалар үшін жайлы әрі заманауи білім ортасын қалыптастырмақ

Қазақстанның 138 мың оқушысы үшін жақсы жаңалық жарияланды
Фото: istockphoto.com

Биыл жаңа оқу жылынан бастап 138 мың қазақстандық оқушы толығымен жаңартылған мектептерде білім алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жаңа оқу жылы басталғанға дейін 163 мектепте жөндеу жұмыстары аяқталып, 138 мыңнан астам оқушы жаңартылған және толықтай қайта жабдықталған мектептерде білім алады деп жоспарланып отыр», - деп мәлімдеді Оқу-ағарту министрлігі.

Ведомствоның ақпаратынша, реновация бағдарламасы аясында 127 мектеп жаңартылған, онда 99 мыңға жуық бала оқиды. Сонымен қатар ауылдардағы 1 мыңға жуық мектеп жаңғыртылып, оларға күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Робототехника, химия, биология, физика және STEM пәндері бойынша 1108 заманауи кабинет ашылды.

Кешенді жобаларға мектептерді күрделі жөндеу, сыныптарды заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, жиһаздарды жаңарту, кітапханалар мен асханаларды модернизациялау, заманауи қауіпсіздік жүйелерін енгізу жұмыстары кіреді.

Министрлік осы шаралардың барлығы қала мен ауыл арасындағы білім сапасының алшақтығын азайтуға, балалар үшін жайлы және заманауи білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#мектеп #оқушы