$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.06.2020, 22:54
Қоғам

Белгілі эпидемиолог қазақстандықтарды коронавирустан қорықпауға шақырды

Дәрігер сабыр сақтаған дұрыс дейді

Белгілі эпидемиолог қазақстандықтарды коронавирустан қорықпауға шақырды

Жұқпалы аурулар бойынша Қазақстандағы жетекші маман Динагүл Баешева тұрғындарды ағзадан коронавирус табылған күннің өзінде үрейленбеуге шақырды, деп хабарлайды Аzattyq ruhy.

«Адамдар көбіне тест нәтижесі оң болса, үрейленеді. Одан қорқудың қажеті жоқ. Сонымен бірге алғашқы симптом ретінде дене қызуы көтерілсе де, дүрбелең, қорқыныш тудырмау керек. Сабыр сақтаған дұрыс. Себебі, аурудың жылдам тарап жатқанын байқап отырсыздар», - деді ол бүгін өткен брифингте.

Дегенмен, дәрігер үлкен кісілерді дерттен сақтау керектігін ескертті.

«Тәуекел тобына жататын адамдарға – үлкен кісілерге, гипертониялық аурулары, қант диабеті барларға, өкпесі, бауыры, тағы басқа ағзаларының созылмалы дерті бар кісілерге көбірек көңіл бөлу қажет», - деп пікір білдірді Д.Баешева.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары