«Рухы мықты адам»: Тоқаев Елбасының тезірек сауығып кетуін тіледі

Автор: Azattyq Rýhy

Нұрсұлтан Назарбаев оқшауланып жатыр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тілеп, Twitter-де жазба қалдырды.

«Өкінішке қарай, коронавирус біздің Тұңғыш Президентіміз  Елбасыны да айналып өтпеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Ол – рухы мықты адам. Оның бүкіл өмірі күреске толы, сондықтан бұл сынақты да жеңіл еңсереді деп сенемін», - деп жазды Мемлекет басшысы.

Еске салсақ, бүгін Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтан коронавирус анықталғаны белгілі болды.