Президент тиісті құжатқа қол қойды
Президенттің жарлығына сай, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті «ұлттық» мәртебе алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы депутат Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасына жазып, халықтан сүйінші сұрады.
«Бұл- әділетті әрі тарихи шешім. Себебі 1991 жылға дейін Қазақстанда тек екі ғана университет деңгейіндегі жоғары оқу орны болды: ҚазМУ және КарМУ (қазіргі Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті). Бұл факт КарМУ-дың сол кездегі де, бүгінгі де деңгейі мен әлеуетін айқын көрсетеді. Ол әлеует әлі күнге дейін бар және жаңа деңгейге көтерілуге дайын. Жаңа мәртебе- бұл университеттің жетістіктерін мойындау ғана емес, сонымен қатар ғылым, білім және кәсіби даму үшін жаңа мүмкіндіктердің бастауы», - деп жазды Аймағамбетов.
Оның айтуынша, ұлттық мәртебе алған университеттің бюджеті де көбейеді. Демек, Аймағамбетов жазғандай, ұстаздардың еңбекақысы көбейіп, университеттің материалдық-техникалық базасы жақсарады.