01.08.2025, 17:41
Қоғам
Жетісу облысында қосалқы станцияда апат болып, тұрғындар бір сағаттан артық жарықсыз қалды
Қосалқы станцияда апат болған
Фото: istockphoto.com
1 шілде күні Талдықорған қаласындағы қосалқы станцияда апат болып, Жетісу облысының елді мекендері жарықсыз қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«KEGOC» АҚ ақпаратынша, сағат 14:13 кезінде Талдықорған қосалқы станциясында Жетісу облысын электр энергиясымен қамтамасыз ететін электр беру желілері апатты жағдайда істен шыққан. Соның салдарынан тұтынушылар жарықсыз қалды.
«Сағат 15:35-те тұтынушылардың басым бөлігіне электр энергиясы берілді. 16:09-да барлық шектеу толығымен алынып тасталды, ал 16:36-да желі толығымен қалпына келтірілді», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды