Түркістанда мұғалімдер сынақ тапсыруға өз орнына өзгелерді жіберген

Автор: Azattyq Rýhy

Тест кезінде осындай 6 дерек әшкереленді

Түркістан облысында Ұлттық біліктілік тестін тапсырған мұғалімдер сынаққа өзінің орнына басқа біреуді жұмсап, тіпті жалған жеке куәлік көрсеткені анықталып отыр, деп хабарлайды Отырар порталы.

«Тест кезінде осындай 6 дерек әшкереленді. Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған онлайн-конференция кезінде мәлім болды. Қазір осы іспен құқық қорғау органдары айналысып жатыр»,- делінген ақпаратта.

Ұлттық біліктілік тестін тапсыру кезінде карантин талаптары да бұзылған. Салаға жауаптылар маска режимі, 2 метрлік арақашықтықты сақтау, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу сияқты ережелерге бағынбайтындар азаймай отырғанын айтты.