$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.06.2020, 23:57
Қоғам

Қазақстанда қай өңірде кедейлер көп екені белгілі болды

Статистика комитетінің зерттеуі

Қазақстанда қай өңірде кедейлер көп екені белгілі болды

Үй шаруашылықтарын зерттеу бойынша табысы күнкөріс деңгейінен төмен халық үлесі (кедейлік деңгейі), 2020 жылғы I тоқсанда 4%-ды құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,1 пайыздық тармаққа төмен, деп хабарлайды Статистика комитеті.

2020 жылғы I тоқсанда кедейлік деңгейінің ең үлкен көрсеткіші Түркістан (9,8%), Маңғыстау (5,8%) және Жамбыл (5,2%) облыстарында байқалды, ал ең төмені – Нұр-Сұлтан қаласында (1,1%)  тіркелді.

2020 жылғы I тоқсанда азық-түлік тауарларына жұмсаған шығыс деңгейі 10% ең аз және 10% ең көп қамтамасыз етілген халықтың арасындағы айырмашылық 5 есені, азық-түлік емес тауарларға – 8 есені, ал ақылы көрсетілетін қызметтерге – 5,6 есені құрады.

Айта кетейік,  2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымы өзгерді. Азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесі ең төменгі азық-түлік себеті құнының 45%-ы  мөлшерінде белгіленді.

Серіктес жаңалықтары