Қосшының кәсіпкерлері ішімдік сатудан өз еріктерімен бас тартып жатыр

Автор: Бақыт Шынар

Қалаға жақын Тайтөбе ауылының кейбір дүкендері де бастамаға қосылған

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Ақмола облысындағы Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылының кейбір кәсіпкерлері ішімдік сатудан бас тартып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады. Дереккөз бұл бастама қаладағы қоғамдық тәртіптің бұзылмауына сеп болады деп сенеді.

«Бірқатар дүкендер мен сауда нүктелері өз еріктерімен алкогольдік өнімдерді сатудан бас тартты. Кәсіпкерлердің бұл бастамасын прокуратура мен әкімдер қолдаған. Прокуратура дүкен ризашылық білдіріп, алғыс хат табыстаған», - деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасы.

Айта кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, Ақмола облысында 35 ауыл ішімдік сатудан түбегейлі бас тартқан.