Сәденов ішімдікті жұмыс уақыты шектеулі арнайы дүкендерде ғана сатуды ұсынды
Бұл туралы ол үкімет жанындағы комиссияның отырысында айтқан

Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия отырысында ішкі істер министрі Ержан Саденов ішімдікті жұмыс уақытылы шектеулі дүкендерде ғана сатуды ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Ол комиссияның отырысында ішімдікке қатысты статистиканы ұсынып, бұл нарықтағы бақылауды күшейту керек екенін айтты.
«Қоғамдық орындарда алкоголь ішуге қатысты 107 мың құқық бұзу фактілерінің алдын алдық. 11 мың адамға алкоголь қолдануға тыйым салынды. Ел бойынша 402 елді мекен алкогольден бас тартты», – деді ішкі істер министрі Ержан Саденов.
Биыл полиция алкоголь айналымы саласында 7 мыңға жуық заң бұзу фактілерінің жолын кесті. Ішімдік сататын кәсіпкерлерге 370 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, 2 252 нысан лицензиясынан айырылды.
Алайда, министрдің айтуынша, кейбір кәсіпкерлер лицензияны басқа тұлғалардың атына рәсімдеп немесе барлардың атын жамылып, тәулік бойы алкоголь сатып жүр.
Сондықтан, отырыста мынандай ұсыныстар айтылған:
- лицензия беруге қойылатын талаптарды күшейту;
- алкоголь өнімдерін тек жұмыс уақыты шектеулі арнайы дүкендерде сатуды қарастыру.