Бұл жобаға 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар зейнеткерлік жасқа толғанға дейін қатыса алады
Жыл басынан бері «Күміс жас» жобасы аясында 12,4 мың адам жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
«2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша «Күміс жас» жобасы бойынша 12,4 мың адам жұмысқа орналастырылды. 2025 жылы осы бағыт бойынша барлығы 23,8 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда», - деп жазылған хабарламада.
«Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналасқандардың ең көп саны келесі облыстарда байқалады:
Қатысушылардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы саласында – 36%, қызмет көрсетуде – 23%, қоғамдық тамақтандыруда – 21% жұмыспен қамтылған.
Бұл жобаға 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар зейнеткерлік жасқа толғанға дейін қатыса алады. Жобаға қатысу үшін мансап орталығына өтініш беру қажет.
«Күміс жас» жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші зейнеткерлік жасқа толмаған адамды кемінде 1 жыл мерзімге тұрақты жұмыс орнына, сондай-ақ зейнеталды жастағы адамды зейнеткерлікке шыққанға дейін жұмысқа орналастыруға міндетті», - деп түсіндірді министрлік.
Жобаға қатысу ұзақтығы 36 айдан (3 жыл) аспайды және осы уақыт аралығында қатысушылардың жалақысы мемлекет тарапынан субсидияланады.
«Күміс жас» жобасын қаржыландыруды еңбек мобильділігі орталығы жұмыс берушінің жоба аясында жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеуге субсидиялар беру жолымен жүзеге асырады. Субсидиялар мөлшері:
Көптеген қазақстандық жоба туралы оң пікір білдіріп жатыр.
Солардың бірі – Ақтөбе облысының тұрғыны Алевтина Пелехань «Күміс жас» жобасы бойынша жаңа жұмыста зейнеткерлік жасқа дейін екі жыл жұмыс істеп, лайықты демалысқа шықты.
«2023 жылы жұмыс іздеп, мансап орталығына хабарластым, онда маған «Күміс жас» жобасына қатысуды ұсынды. Жолдама бойынша «Құрылыс-Мұғабия» ЖШС-не құжат маманы болып жұмысқа орналастым. Ал ақпан айында зейнеткерлік жасқа толып, зейнетке шықтым», – деп атап өтті ол.
Ақтөбе облысында 2025 жылы «Күміс жас» жобасы бойынша 1 205 адамды жұмысқа орналастыру жоспарда бар.