Мәдиев портал жабылады деген қауесетті жоққа шығарды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қазақстан үкіметі еGov.kz электронды порталынан бас тартпайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жақында кейбір БАҚ-та Қазақстан еGov.kz порталынан бас тартатынын туралы ақпарат тараған. Алайда бүгін цифрлық даму министрі мұны ресми түрде жоққа шығарды.
«Мен мұны растамаймын, бұл жалған ақпарат. еGov – қазақстандықтарға мыңнан астам қызметті ыңғайлы тәртіпте алуға мүмкіндік беретін танымал құрал. Сіздер білетіндей, бүгінде мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан астамы онлайн көрсетіледі, сол себепті біз азаматтар үшін еGov-тың қолжетімсіз болуына жол бере алмаймыз. Бұл мемлекеттік қызмет алу үшін аса маңызды құрал», - деді Мәдиев Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында.