Мерзімінен бұрын алуға болатын зейнетақы жинағының шегі төмендей ме – министр не дейді
Зейнетақы қамсыз қарттықты қамтамасыз етуі қажет деп санайды министр

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегін төмендетуді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы министр Светлана Жақыпова айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында журналистер министрден мерзімінен бұрын алуға болатын зейнетақы жинағының ең төменгі жеткіліктілік шегі төмендей ме деп сұраған. Жақыпованың пікірінше, зейнетақы жинағы қамсыз қарттықты қамтамасыз етуге тиіс. Сол себепті ол қазақстандықтарға зейнетақы шотындағы ақшаны алуға асықпауға кеңес берді.
«Зейнетқы жинағын ерте жаста шешіп алу болашақта, яғни қартайған шақта оның құнының өзектілігін төмендетеді. Сондықтан қазіргі таңда мұны істеудің қажеті жоқ», - деді министр.