$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.06.2020, 12:49
Қоғам

Мақтааралдық диқандар 1 мың тонна қарбызды экспортқа шығарды

ТМД елдеріне тағы 20 тонна қауын тасымалданған

Мақтааралдық диқандар 1 мың тонна қарбызды экспортқа шығарды
фото: Түркістан облысының ӨКҚ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының диқандары бақша дақылынан алғашқы өнімін экспортқа шығарып үлгерді. Атап айтқанда, бүгінге дейін өңірден ТМД елдеріне 1000 тонна қарбыз, 20 тонна қауын тасымалданған. Бұл туралы Мақтаарал аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ғалым Дүйсенбеков мәлім етті.

«Жамбыл ауылдық округіне қарасты Жалын елдімекенінде орналасқан «Жорабек» шаруа қожалығы ерте піскен өнімін Беларусь еліне экспорттап жатыр. Қожалықтың басшысы Райымбек Қалдыбаев қарбыздың «Долби» атты сұрпын егіп, 60 күнде өнімін жетілдірген. Бүгін 1 жүк көлігімен 25 тонна өнімді шетелге жөнелтпекші. Диқан қарбыздан соң егістік жеріне мал азығы дақылдарын егіп, бір жылда екі рет өнім алмақшы», - дейді ол.

Жалпы аудан бойынша биыл 10 667, 3 гектар жерге бақша дақылы егілген. Оның ішінде пленкалы қауын 3 535,7 гектар, ашық топырақта егілген қауын 5867,6 гектарды құрайды. Сондай-ақ пленкалы қарбыз 831 гектарды, ашық топырақта егілген қарбыз 433 гектарға жетіп отыр.

Айта кетейік, 2019 жылы Мақтаарал ауданында 300 мың тоннаға жуық бақша өнімдері өндірілген болатын. 12 айда ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 44,9 млрд теңгені құраған.

Серіктес жаңалықтары