$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.06.2025, 15:24
Қоғам

Дәрігерлердің диагноз қоюына көмектеседі: Қазақстанға суперкомпьютер жетті

Суперкомпьютер жақын арада іске қосылады

Дәрігерлердің диагноз қоюына көмектеседі: Қазақстанға суперкомпьютер жетті
Фото: видеодан скриншот

Қазақстанға мемлекеттік органдар мен әртүрлі компаниялардың көмекшісіне айналатын NVIDIA H200 негізіндегі суперкомпьютер жеткізілді. Бұл туралы «Қазақтелеком» компаниясының басқарма төрағасы Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мусин суперкомпьютер тұрған қоймаға барып, «Қазақстанның болашағы» болатын темір қондырғының аман-есен келгеніне көз жеткізген.

«Біздің NVIDIA H200 негізіндегі суперкомпьютеріміз қазір елде. Жақында Алматыда – «Қазақтелеком» деректер орталығының алаңында монтаждау жұмысын бастаймыз. 10 күннен кейін ол дайын болады. Асыра сілтеусіз айтсақ... мықты зат: 6,7 миллион CUDA ядро, 1600 петафлоп және ондаған терабайт GPU жады», - деп жазды Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, суперкомпьютер мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен корпоративтік тапсырыс берушілерге қолжетімді болады.

«Техногендік апаттар мен қауіп-қатерді олар басталмай тұрып модельдеу, қалалардағы трафикті алдағы жылдарға есептеу, дәрігерлерге деректердің үлкен массивтері негізінде тезірек диагноз қоюға көмектесу, қазақ тілін, мәдениетін, тарихын және қазіргі контекстін түсінетін үлкен тілдік модельдерді үйретуге болады», - деп атап өтті компания басшысы.

Сонымен қатар, осы суперкомпьютердің арқасында шетелдік серверлерге тәуелді болмай, отандық жасанды интеллект өнімдерін іске қосуға болады.

Айта кетері, «Қазақтелеком» – NVIDIA техноалпауытының Орталық Азиядағы алғашқы ресми серіктесі.

Серіктес жаңалықтары