Бұл қаражат бала 1,5 жасқа толғанша төленген
Жыл басынан бері баласы 1,5 жасқа толғанша төленетін жәрдемақы ретінде үкімет 123 мыңнан астам әйелге18 млрд теңге төлеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлағандай, мамыр айының өзінде осындай 124 мың анаға мемлекеттік бюджеттен 3,6 млрд теңгеге жәрдемақы төленген.
Бұдан өзге жыл басынан бері осы мемлекеттік жәрдемақыны қосқанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры бала босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты 333 мыңнан астам әйелге 371,6 млрд теңге төлеген екен.
Дереккөз айлық есептік көрсеткіш өскендіктен жәрдемақылар 6,5 пайызға өскенін хабарлап отыр.