$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.06.2025, 17:13
Қоғам

Астанадағы 10-сынып оқушысы Ілияс Қазымбек Еуропаның ең үздік физигі атанды

Ол білім жарысында абсолют жеңімпаз атанды

Астанадағы 10-сынып оқушысы Ілияс Қазымбек Еуропаның ең үздік физигі атанды
Фото: оқу-ағарту министрлігі

Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы Ілияс Қазымбек Еуропаның физика олимпиадасында алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Осылайша ол Еуропаның ең үздік физигі атанды. Айта кетейік, 17 маусым күні Болгария астанасы София қаласында Еуропаның физика олимпиадасы аяқталды. Оған 39 елден 200-ден астам жас физик қатысқан.

Қазақстан оқушыларының жарқын жеңістері

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бұл жарыста Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы Ілияс Қазымбек абсолют жеңімпаз атанған.  Ал, Астанадағы РФММ-нің тағы бір 10-сынып оқушысы Алтаир Аканов пен Алматы қаласындағы «Miras» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы Роман Черемнов күміс медаль иеленсе, «Nurorda» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы Даниэль Тюлюбаев қола медаль жеңіп алды. Қостанай облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Таир Әбдіқадыр құрмет грамотасын иеленді.

Үздік оқушыларға кім сабақ берді

Бұл команданы халықаралық және республикалық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары, тәжірибелі тәлімгерлер – Андрей Сидоренко мен Темірлан Исмагұловтар оқытқан.

Серіктес жаңалықтары