Павлодар облысында үш баласына алимент төлемеген әйел ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Бірнеше жылдан бері балалар әкесімен бірге тұрады

Фото: tengrinews.kz

Павлодар облысы Ақтоғай ауданының полиция қызметкерлері үш баласына алимент төлемеген 30 жастағы ауыл тұрғынын ұстады. Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Ауданның көші-қон қызметіне 2019 жылдан бері кәмелетке толмаған үш баласына алимент төлемеген Ақтоғай ауылының тұрғынына іздеу салу туралы сот қаулысы келіп түскен. Бірнеше жылдан бері балалар әкесімен бірге тұрады. Соттың шешімі бойынша, балаларды асырап-бағу үшін олардың анасы алимент төлеуге міндетті», - делінген хабарламада.

Облыстық ПД хабарлауынша, әйелдің тұрғылықты жері анықталып, барлық қажетті шаралар жүргізіліп жатыр.