Үкім жарияланды: сотталғандар Шерзаттың отбасына қанша көлемде өтемақы төлейді

Автор: Нұргүл Абай

Оларға моралдық өтемақыны төлеуге екі ай берілді

Фото: видеодан скриншот

Бүгін Талдықорған сотында судья Ержан Жанұзақов Шерзат Полаттың ата-анасы мен әжесінің сотталғандардан моралдық және материалдық залал өндіріп алу туралы талап-арыздарын ішінара қанағаттандырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

"Азаматтық талап қоюшылар Нұрымов, Бишимбиева және Кадированың моралдық және мүліктік залалды өндіру туралы талап арызы ішінара қанағаттандырылсын", - деді судья.

  • Жауапкер Абзал Шынасылдан талап қоюшылар Қаржаубай Нұрымов, Гүлбара Бишимбиева және Жұмабике Кадированың әрқайсысының пайдасына 20 млн теңгеден моралдық зиян өндірілсін.
  • Жауапкер Равиль Сәкиевтен талап қоюшылар Қаржаубай Нұрымов және Жұмабике Кадированың әрқайсысының пайдасына 15 млн теңгеден моралдық зиян өндірілсін.
  • Жауапкерлер Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ілиясов, Нұрбол Тоқтаубаев, Азамат Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет, Равиль Сәкиевтан ортақ тәртіппен Гүлбара Бишимбиеваның пайдасына 10 млн теңге моралдық зиян өндірілсін.
  • Жауапкерлер Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ілиясов, Нұрбол Тоқтаубаев, Азамат Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет ортақ тәртіппен Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына 10 млн теңге моралдық залал өндірілсін.
  • Жауапкерлер Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ілиясов, Нұрбол Тоқтаубаев, Азамат Тоқтаубаев, Дидар Қалиахметтан ортақ тәртіппен Жұмабике Кадированың пайдасына 10 млн теңге моралдық залал өндірілсін.

Моралдық өтемақыны өз еркімен төлеу үшін екі ай берілді. Осы мерзімде төленбесе, сот актісі мәжбүлі түрде орындалады.

Қылмыстық істің басты фигуранты Абзал Шынасыл 23 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тегтер: