$ 538.64  631.56  6.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.06.2025, 17:59
Қоғам

«Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенінде ұшу сынақтары биыл басталады

Мәжіліс заңды Сенатқа жолдады

«Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенінде ұшу сынақтары биыл басталады
Фото: Роскосмос/Иван Тимошенко

Парламент Мәжілісі «2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру жайлы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құжатқа сәйкес, ұшу сынақтарының басталу күні 2025 жылдың желтоқсанына ауыстырылып отыр. Бұл өзгеріс жабдық пен қосалқы бөліктерді жеткізуге кедергі келтірген геосаяси жағдайға байланысты.

Сонымен қатар, Ресей тарапының 2028-2039 жылдар аралығы кезеңінде «Бәйтерек» кешенінен жылына кепілдендірілген ұшу саны екіден үшке дейін ұлғайды. Бұл жобаның өтелуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Резидент еместер үшін қосылған құн салығы бойынша нөлдік мөлшерлеме қолдануға бағытталғаны туралы өзгеріс енгізілген. Корпоративтік табыс салығы бойынша «Бәйтерек» АҚ үшін салық преференцияларын қолдану мерзімдерін есептеу шарттары өзгереді.

Серіктес жаңалықтары