$ 544.87  639.02  6.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.06.2025, 14:31
Қоғам

Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына орай сотталғандарға рақымшылық жасалады

Мәжіліс тиісті заң жобасын қарайды

Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына орай сотталғандарға рақымшылық жасалады
Фото: freepik.com

Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына байланысты сотталғандарға рақымшылық жасалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын қарайды.

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Снежанна Имашеваның айтуынша, заң жобасы Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына байланысты гуманизм қағидаты негізінде қылмыстық саясатты ізгілендіру мақсатында депутаттардың бастамасымен әзірленген.  

«Заң жобасында азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстар жасағаны үшін сотталғандарды, соның ішінде азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын, кәмелетке толмағандарды, кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерді, сондай-ақ жүкті әйелдерді, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерді, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдарды, зейнеткерлерді, мүгедектерді және басқаларды босату ұсынылады», - деді Имашева Мәжілістің жалпы отырысында.

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті осы заң жобасына қорытынды әзірлейді.

Серіктес жаңалықтары