Байқамай отырғанда түсіріп алған: Назым Қызайбайдың видеосы желіде таралып кетті

Автор: Алмас Ерсін

Назым Қызайбай биыл наурыз айында бокстан үш дүркін әлем чемпионы атанды

Фото: Olympic.kz

Боксшы Назым Қызайбайдың тамақтанып отырған сәтін қасында отырған адам видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Назымға бәрі жарасады

Бейнежазбадан боксшының аузын сүртпестен, алаңсыз бургер жеп отырғанын, бір кезде видеоға түсіріп жатқанын байқап қалып, жымиғанын байқауға болады.

Желі қолданушылары чемпион қызға не істесе де жарасатынын жарыса жазып жатыр.

«Қайта-қайта сүрткенше, жеп болған соң бір-ақ сүртейін деген шығар, қызықсыңдар», «Оған бәрі жарасады», «Назым қалай жесе де жарасымды», «Мынау қай жердің бургері? Таба наннан жасаған ба?», - деп жазды олар.

Үш дүркін әлем чемпионы

Назым Қызайбай биыл наурыз айында бокстан үш дүркін әлем чемпионы атанды. 48 келідегі финалдық айқаста Ресей өкілі Юлия Чумгалаковамен кездесіп, 5:0 есебімен жеңді. Оны президент Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи жеңісімен құттықтады.

Назым Қызайбай тұрмысқа шыққаннан кейін бокстан кететінін мәлімдеді.