$ 541.93  636.71  6.83
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Былтыр Қазақстан мектептерінде 145 буллинг фактісі тіркелді

21 мыңнан астам ресурс бұғатталды

Былтыр Қазақстан мектептерінде 145 буллинг фактісі тіркелді
Фото: pexels.com

2024 жылдың басынан бері еліміздегі мектептерде буллингке қатысты 145 жағдай анықталды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Оқушылар арасындағы қысым күшейген

Ішкі істер министрлігінің дерегінше, буллингпен күрес шеңберінде мектептерде құқықбұзушылықтарды анықтау жұмыстары күшейтілген. Нәтижесінде:

  • 145 буллинг фактісі тіркелді;
  • Әкімшілік жауапкершілік енгізілгеннен бері – 327 жағдай тіркелген.

21 мыңнан астам ресурс бұғатталды

Киберқылмысқа қарсы департамент интернеттегі заңсыз, балаларға қауіпті контентті бақылауды тәулік бойы жүргізеді.

  • 2024 жылы 58 мыңнан астам қауіпті ресурс анықталды;
  • Оның ішінде 21 мыңнан астамы Кибернадзор» арқылы бұғатталды.

Мектеп қауіпсіздігі үшін 7,5 мың полицей бекітілді

Ел бойынша барлық мектептерге 7 500-ден астам полиция қызметкері бекітілген. Сонымен қатар:

  • 52 мыңнан астам құқықтық лекция өткізілді;
  • Ата-аналармен түсіндіру кездесулері өтті;
  • «Жасөспірім», «Назар аударыңыз – балалар!» секілді алдын алу акциялары ұйымдастырылды.

Зорлық белгілері анықталса не істеу керек

Әкімдіктер жанынан құрылған мобильді топтар кез келген зорлық-зомбылық жағдайына жедел жауап береді. Олардың құрамында:

  • полиция,
  • әлеуметтік қызметкерлер,
  • мұғалімдер мен психологтар,
  • прокуратура өкілдері бар.

«Балаларға қауіпсіз орта қалыптастыру – мемлекет пен қоғамның басты міндеті», – делінген ресми хабарламада.

Буллинг деген не?

Буллинг – бұл балалар арасындағы жүйелі түрде қайталанатын қысым, мазақтау немесе қудалау. Ол психологиялық, физикалық немесе әлеуметтік сипатта болуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары