Әйелі оған ерекше сый жасады
Танымал актер Жахан Отарғалиевтің жары оған тосын сый жасап, жұбайын егіле жылатты. Бұл әсерлі сәтті актер өзінің әлеуметтік желісінде бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеода жары: «Әрдайым сен мені қуантатын едің, енді менің кезегім», – деп, қымбат сыйлықтың қайда тұрғанын айтады. Оны алдымен үйіне жібереді. Ол жақтан Жахан «Бұл сыйлықты алу үшін жүгіруге тура келеді. Енді ресепшнға бар» деген хат алады. Ол жерден кішкентай қорапша алып, сыйлықтың көлікте екенін оқиды. Ол – көптен күткен Меккеге қажылық жолдамасы болып шықты. Оны білген Жахан көз жасына ерік беріп, еңіреп жылап жіберді.
Видеоны көрген желі қолданушылары:
«Екі сызықты күткендер қатарынанбыз», – деген әзіл пікірлер де желіде таралып жатыр.
Жахан Отарғалиев – қазақстандық актер, шоумен, түрлі комедиялық жобалар арқылы танылған. Бұған дейін ол отбасында болып жатқан қуанышты жаңалығын жариялаған еді. Сонымен қатар келіншегінің қыздарына қалай қарайтынын айтып берді. Актер журналист Зарина Мүсілімге берген сұхбатында үшінші некесіне қатысты сыр шерткен еді. Сондай-ақ оған актриса, блогер Әсел Асқар ақыл айтқан болатын.