$ 525.87  614.37  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.05.2025, 14:58
Қоғам

Құқық қорғау органдары ұялы телефонның балансын қандай жағдайда тексереді

Кейбір адамдар баланс арқылы қылмыстық жолмен тапқан кірісті заңдастырып жатады

Құқық қорғау органдары ұялы телефонның балансын қандай жағдайда тексереді
Фото: istockphoto.com

Қаржы мониторингі агенттігі телефон балансына әртүрлі көзден тұрақты түрде ақша түсіп тұратын азаматтарды тексереді. Бұл туралы агенттік төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, телефон балансына қатысты күмәнді ақпараттарды агенттікке ұялы байланыс операторлары жіберіп отырады.

«Егер бір абонентке әртүрлі көзден тұрақты түрде балансына ақша түсіп тұрса, бұл күмәнді операцияға жатады. Сіздер білесіздер, қазір ұялы телефон балансына салынған ақшаны шешіп алуға да болады және бұл кірісті жылыстату кезінде қолданылып жатады. Мысалы кейбір адамдардың шотына басқа көздерден қылмыстық жолмен алынған ақша түсуі мүмкін, ал әлгі кісі оны терминал арқылы қолма-қол ақшамен шешіп алады», - деп түсіндірді Елемесов Мәжіліс кулуарында.

Қаржы мониторингі агенттігі тексеріске алынатын телефон балансына түсетін ақшаның шегін белгілемеген.

«Шегін белгілеген жоқпыз. Өйткені бізге жай ғана баланстағы ақша емес, бізге ерекше, аномальды баланс толтыру операциялары маңызды», - дейді ол.

Жеңіс Елемесов қазақстандықтардың телефон балансына салынған рекордтық сомасы туралы ешқандай мәлімет жоқ екенін атап өтті.

Естеріңізге салайық, енді құзырлы органдар қазақстандықтардың ұялы телефонға салатын балансын да тексереді.

Серіктес жаңалықтары