23.05.2025, 16:07
Қоғам
Шұғыл: Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысы кезінде жер сілкінді (ВИДЕО)
Сот үзіліске шықты
Фото: видеодан скриншот
Талдықорған қаласында Шерзат Полаттың өлімі бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатқанда жер сілкінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сот отырысы кезінде жәбірленуші тараптың адвокаттары тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаровқа сұрақ қойып жатқан. Осы сәтте жер сілкініп, залдағы жұрт дүрлігіп қалды. Іске төрағалық етіп жатқан судья «тыныш, тыныш, тоқтасын сосын шығамыз» деп тыныштандырмақ болды.
Осы кезде жәбірленуші тараптың адвокаты «қазақтар, бісміллә деп отыра береді, әрі қарай жалғастыра берейік» деген ұсыныс тастады. Залдағы адамдар күліп жіберді.
Алайда судья үзіліс жариялап, бәрі сыртқа шықты.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 15:10
26 қазан күні ауа райы қандай болады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды