COVID-19: Адамдардың қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамауы қынжылтады - Аида Балаева
Ақпарат және қоғамдық даму министрі қазақстандықтарды санитарлық талапты қатаң сақтауға шақырды
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева коронавирус індетінің таралуы тыйылмай отырғандықтан, қазақстандықтарды санитарлық талапты қатаң сақтауға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Бүкіл әлемдегідей, біздің елімізде де коронавирус індетінен болған өлім-жітім көрсеткіші күннен-күнге өсіп келеді. Осы орайда, көкірегі ояу, саналы деген көпшілік адамдардың қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамауы қынжылтады. Сондықтан да, өзіміздің және жақын туыстарымыздың денсаулығы үшін әрқайсыларыңызды санитарлық нормаларды қатаң сақтауға шақырамын. Дәл қазіргі таңда баршамыздың өміріміз осыған байланысты болып отыр», - деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.
Айта кету керек, бүгінге дейін елімізде коронавирус жұқтырған 12859 адам тіркелді. Оның ішінде 7737 адам сырқатынан айықты. 58 науқас қайтыс болды.