$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.05.2025, 11:13
Қоғам

«Болашақ» түлектері Қазақстанға келмей, шетелде онлайн жұмыс істей ала ма: Конституциялық сот не дейді

Еңбек кодексі азаматтарға қашықтан жұмыс істеуге тыйым салмайды

«Болашақ» түлектері Қазақстанға келмей, шетелде онлайн жұмыс істей ала ма: Конституциялық сот не дейді
Фото: istockphoto.com

«Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алған түлектер оқуын аяқтағаннан кейін Қазақстанға келіп жұмыс істеуі керек. Шетелдегі онлайн жұмыс бағдарлама бойынша міндетті еңбекпен өтеу мерзіміне кірмейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстандық Конституциялық сотқа «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларының 24-тармағы 5) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішпен жүгінген. Өтініш беруші «Болашақ» бағдарламасының түлектері оқуын аяқтағаннан кейін міндетті түрде Қазақстан аумағында қызметін өтеуі керек деген талаппен келіспейтінін мәлімдеген. Себебі, оның айтуынша, Еңбек кодексінде жұмысты қашықтан істеуге рұқсат етілген. Демек «Болашақ» бағдарламасын тәмамдағаннан кейін еңбекпен өтеу мерзімі үшін Қазақстан аумағында нақты болу талап етілмейді.

Алайда Конституциялық сот өтініш берушінің пайымымен келіскен жоқ.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша оқу тараптардың өзара келісімімен оқу басталғанға дейін жасалатын азаматтық шарт негізінде жүзеге асады. Мұндай келісім тараптардың, оның ішінде оқудан кейін тікелей Қазақстан Республикасының аумағында қызметін өтеу жөніндегі міндеттемелерді алдын ала ерікті түрде қабылдауын көздейді. Бұл шарт Ережелерде ғана емес, білім туралы заңнан да туындайды. Осылайша, Қызметін өтеу жөніндегі ережелер нормасының Конституцияға сәйкестігін тексеру үшін негіз жоқ», - деген шешім шығарды сот.

Серіктес жаңалықтары