22 мамырда елімізде ауа райы жауын-шашынды болады
Республикада күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл соғады, жел күшейеді

Синоптиктер 22 мамыр, бейсенбіде Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Қазақстанның басым бөлігі циклонның ықпалында қалып, жауын-шашынды болады. Күндіз еліміздің солтүстігі мен солтүстік-батысында нөсер жауын жауады. Республика бойынша күн күркіреп, бұршақ жауады, дауыл тұрып, жел күшейеді. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғады.
Қалалар бойынша температура болжамы
Астанада күндіз көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 23-25 градус жылы.
Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, күндіз аздап жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады – 6-11 м/с. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 24-26 градус жылы.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 30-32 градус ыстық.
Қонаевта көшпелі бұлт шығады болады, жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 31-33 градус ыстық.
Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 32-34 градус ыстық.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады – 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 35-37 градус ыстық.
Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Күндіз оқтын-оқтын шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады – 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 36-38 градус ыстық.
Оралда күн бұлтты, жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жауады, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 18 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 18-20 градус жылы.
Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 23-25 градус жылы.
Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан, батыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 20-22 градус жылы.
Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыс, солтүстік-батыстан соғатын жел 7 12, күндіз екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы 9-11, күндіз 16-18 градус жылы.
Қостанайда күн бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан, батыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 21-23 градус жылы.
Петропавлда күндіз көшпелі бұлт шығады болып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 23-25 градус жылы.
Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен соққан жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 28-30 градус ыстық.
Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 25-27 градус жылы.
Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады – 9-14, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 31-33 градус жылы.
Өскеменде көшпелі бұлт шығады болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 28-30 градус ыстық.
Семейде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 30-32 градус ыстық.
Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Таңертең және күндіз шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде 9-14, таңертең және күндіз батыстан 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 34-36 градус ыстық.
Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады – 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 35-37 градус ыстық.