Кейбір облыстарда аса тапшы мамандықтар тізімі әлі айқындалмаған
Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының депутаты Нұртай Сабильянов премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында ауылға жұмыс істеуге барған дәрігерлерге заң бойынша қарастырылған 8,5 миллион теңге біржолғы төлем әлі төленбей отырғанына назар аударды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Депутат «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына сәйкес, ауылға жұмыс істеуге келген аса тапшы медициналық мамандықтар бойынша медицина қызметкерлеріне ең төмен жалақының бір жүз еселенген мөлшерінде (8,5 млн тенге) біржолғы ақшалай төлем көзделгенін еске салды. Алайда былтыр 17 облыстың 6-уында ауылдарға жұмыс істеуге барған медицина қызметкерлеріне біржолғы ақшалай төлем төленбеген.
«Осы заңға сәйкес, облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі ауылдық елді мекендердегі аса тапшы медициналық мамандықтарды айқындайды. Бірақ Абай облысында осы уақытқа дейін бұл аса тапшы медициналық мамандықтар айқындалмаған. Осы себептен облыс бойынша ауылдық жерге жұмыс істеуге барған дәрігерлерге 8,5 млн теңге қаражат берілмеген. Мысалы Абай облысы, Аягөз ауданының Өркен ауылына жұмысқа барған «жалпы тәжірибелік дәрігер» маманы Айжан Алпысбайқызы ең төмен жалақының бір жүз еселенген мөлшерінде біржолғы ақшалай төлемді ала алмаған. Министрліктің ақпаратына сәйкес, 9 облыста «жалпы тәжірибелік дәрігер» маманы аса тапшы медициналық мамандықтар тізбесіне енгізілген, ал қалған 7 облыста бұл мамандық енгізілмеген», - дейді Сабильянов.
Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы бұйрығына сәйкес, медицина мамандары халық санына сәйкес ұйымдастырылады. Онда: жалпы тәжірибелік дәрігер – халықтың 1700 адамына 1 лауазым (ересектер мен балалар); дәрігер терапевт – ересек халықтың 2200 адамына 1 лауазым бекітілген.
«Көптеген ауылда халық саны аз болғандықтан, ол жерлерде бір ғана дәрігер жұмыс істейді. Аталған тізбеге «жалпы тәжірибелік дәрігерлер», «дәрігер терапевт мамандары енгізілмесе, ауылдардағы дәрігерлердің жетіспеушілігі мәселесі шешілмейді», - дейді депутат.
Осыған байланысты мәжілісмен Үкіметтен: