Қазақстанда 2025 жылы 11-сыныпты 217 мыңнан астам түлек бітіреді

Автор: Бақыт Шынар

Тағы 364 мың бала 9-сыныпты аяқтайды 

Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

2024–2025 оқу жылының қорытындысы бойынша Қазақстанда 217 мыңнан астам оқушы 11-сыныпты аяқтап, мектеппен қоштасады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев журналистерге арналған брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сонымен қатар, тағы 364 мыңнан астам оқушы 9-сыныпты аяқтайды. Олар білімін жалпы орта мектепте жалғастыра алады немесе техникалық және кәсіптік колледждерге түсу мүмкіндігіне ие.

Мерекелік және емтихан кестесі

Министрлік мәліметінше, 1–10 сынып оқушылары үшін соңғы оқу күні – 23 мамыр. Бұл күні барлық мектептерде «Білімім — Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізіледі.
Ал 11-сынып түлектері үшін салтанатты мектеп бітіру шарасы 23 немесе 24 мамырда мектеп әкімшілігінің шешімімен ұйымдастырылады.

Мемлекеттік емтихандар:

9-сынып оқушылары үшін емтихан кезеңі: 29 мамыр – 10 маусым

11-сынып түлектері үшін мемлекеттік бітіру емтихандары: 30 мамыр – 16 маусым аралығында өтеді.