$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.06.2020, 11:48
Қоғам

Нұр-Сұлтан қаласында митинг өткізуге арналған 4 орын ұсынылды

Ұсынылған орындарда өтетін шерулерге мың адамға дейін қатыса алады

Нұр-Сұлтан қаласында митинг өткізуге арналған 4 орын ұсынылды
Фото: ru.reuters.com

Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған орындарды белгілеп, құжат Ашық нормативтік құқықтық актілер порталында жариялы түрде талқыға ұсынылды.

Порталда хабарланғандай, Нұр-Сұлтан аумағында бейбіт жиындар өткізу үшін арнайы 4 орын белгіленіп отыр.

Біріншісі - Ш.Құдайбердіұлы даңғылы мен А.Пушкин көшесі қиылысындағы саябақ (1000 адам).

Екіншісі - «Астаналық цирк» жанындағы алаң (1000 адам).

Үшіншісі - аумағы 1 695 шаршы метр болатын Жеңіс, Абай даңғылы, Т.Бигелдинов және Желтоқсан көшелері төртбұрышындағы жазғы алаң. Бұл жерге 500 адам еркін сыяды.

Төртінші - Абай даңғылы мен Ә.Сембинов көшелерінен, Жазушылар аллеясынан бастап, Құдайбердіұлы даңғылы мен А.Пушкин көшелеріне дейін жалғасатын шеру өткізуге арналған орын (1000 адам).

Шеруге мың адамға дейін қатыса алады.

Қалалық мәслихат пикеттерді өткізуге қатысты ережені жариялап, қай жерде рұқсат етіледі, қай жерде тыйым салынады деген мәселелерге де тоқталды.

Пикеттерді өткізуге тыйым салынады:

1) жаппай жерлеу орындарында;

2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының резиденцияларына іргелес жатқан аумақтарда;

5) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

6) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

7) ТҚО объектілердің іргелес аумақтарында.

Рұқсат етіледі:

  • бір азаматың белгілі бір жерде жіне статиқалық түрде болуы (қозғалыссыз);
  • плакаттар, транспаранттар және өзге де көрнекі үгіттеу құралдары пайдалану;
  • пикеттеу ұзақтығы (бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда), дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне екі сағаттан аспауға тиіс.

Рұқсат етілмейді:

  • бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан көп пикет өткізуге жол берілмейді;
  • дыбыс күшейткіш техникалық құралдар пайдалануға;
  • пикеттеу  жасауға тыйым салынған объектілердің іргелес аумақтарынан 150 метр қашықтықта пикеттеу жасауға.

Еске салайық, 25 мамырда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Серіктес жаңалықтары