$ 510.58  571.8  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.05.2025, 10:23
Қоғам

Қазақстанның түлектері биыл соңғы қоңырау күні ҰБТ тапсыратын болды

Өйткені, елімізде соңғы қоңырау өтетін күн ауысқан еді

Қазақстанның түлектері биыл соңғы қоңырау күні ҰБТ тапсыратын болды
Фото: testcenter.kz

Елімізде 23 және 24 мамыр күндері ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтініш берген балалар соңғы қоңыраудың датасы ауысқандықтан, емтиханды басқа күндері тапсыратын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы ұлттық тестілеу орталығы хабарлап отыр.

«Соңғы қоңырау өтетін дата ауысқандықтан, 23 және 24 мамырға белгіленген ҰБТ күндері де ауысады. 23 мамыр күні тест тапсыруға өтініш берген түлектер ҰБТ-ны 25 мамыр күні тапсырады. Ал, 24 мамырда тест тапсыруға өтініш берген балалар ҰБТ-ны 1 маусым күні тапсырады», - деп хабарлайды деп хабарлайды орталық.

Естеріңізге сала кетейік, биыл 25 мамыр - соңғы қоңырау мерекесі жексенбі күніне түсіп тұр. Сондықтан, соңғы қоңырау не 23 мамыр не 24 мамыр өтеді. 

 

Серіктес жаңалықтары