14 мамырдан бастам Мумбай, ал, 19 мамырдан бастап Делиге қарай рейстер ұша бастады
Air Astana компаниясы Дели мен Мумбайға қарай қайтадан тікелей рейстерді ұшыра бастайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Әуекомпания 19 мамырдан бастап Алматы – Дели – Алматы бағытындағы КС 907/908 және KC 963/964 тұрақты рейстерін бұрынғы ұшу бағыты мен кестесі бойынша қайта жандандырады. Сондай-ақ, 14 мамырдан бастап Алматы – Мумбай – Алматы бағытындағы KC 291/292 рейстері де бастапқы бағыты бойынша ұша бастайды», - деп хабарлайды компания.