$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.05.2025, 14:30
Қоғам

Астанадағы әскери шеру: 7 мамырда қай көшелердің уақытша жабылатыны белгілі болды

Қала әкімдігі ресми мәлімет ұсынды

Астанадағы әскери шеру: 7 мамырда қай көшелердің уақытша жабылатыны белгілі болды
Фото: Қорғаныс министрлігі

Астанада 7 мамыр күні Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған шеру өтетіні белгілі. Осыған байланысты, бұл күні бірқатар көшелер уақытша жабылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

7 мамыр, таңғы сағат 6:30-дан 8:00-ге дейін А-334 – Ақжол даңғылы – Р.Қошқарбаев даңғылы – Аманжолов көшесімен Р.Қошқарбаев даңғылының Ж.Нәжімеденов көшесіне дейін Аманжолов көшесі арқылы жеке құрам өтеді.

Сағат 5:00-ден 14:00-ге дейін – Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық-драма театрының алдындағы, Қ.Қуанышбаев көшесінің А.Байтұрсынұлы көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейінгі тұрақ, Нұрмағанбетов көшесінің оң жағы, автобус тұрақтары жеке құрамды тасымалдау үшін жабылады. 

Сағат 5:00-ден 13:00-ге дейін – Панфилов көшесі (Тәуелсіздік даңғылынан Нұрмағанбетов көшесіне дейін) және Нұрмағанбетов көшесі (Панфилов көшесінен Райымбек батыр көшесіне дейін) салтанатты шеруден кейін тиеуге арналған ауыр жүк тралдарына арналған тұрақ жабылады.

Қосымша, сағат 5:00-ден 13:00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылы (Момышұлынан Панфиловқа дейін) жабылады, сондай-ақ Ақыртас, Қалдаяқов көшелерінде және Қошқарбаев даңғылында көлік қозғалысы шектеледі

Сонымен қатар, сағат 7:00-ден 14:00-ге дейін «Astana Music Hall» автотұрағының (Құмыра) аумағында Б.Момышұлы даңғылы, 1 бойынша уақытша шектеулер енеді.

Сағат 12:30-14: 00-ге дейін, техника мен автобустар Панфилов көшесі — Нұрмағанбетов көшесі — Қошқарбаев даңғылы – Ақжол даңғылы – А-334 көшесі арқылы орналасу пунктіне қайтады.

Жалпы, шеру күні мына автобус маршруттарының қозғалыс сызбасы өзгереді: №№ 3, 4, 4А, 14, 15, 15А, 19, 21, 29, 29А, 30, 32, 40, 43, 47, 50, 51, 55А, 55Б, 56, 57, 58, 61, 62, 66, 84, 121, 502, 504.

Серіктес жаңалықтары