$ 506.21  568.42  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.05.2025, 13:00
Қоғам

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның кей өңірінде күн 38 градусқа дейін ысып, қатты жаңбыр жауады

Бұдан өзге шаңды дауыл соғып, қатты жаңбыр жауады

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның кей өңірінде күн 38 градусқа дейін ысып, қатты жаңбыр жауады
Фото: istockphoto.com

Қазгидромет 6,7 және 8 мамыр күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оңтүстік циклонның әсерінен ел аумағында жаңбыр жауып, күн күркірейді, күн ысып, шаңды дауыл соғады.

«6-8 мамыр күндері Қазақстанның батысы, солтүстік-батысы мен солтүстігінде, ал, 8 мамыр күні орталық, шығыс және оңтүстік өңірлерінде жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ түседі. 6-7 мамыр күні Батыс Қазақстан облысы мен Атырау облысында, 7-8 мамырда Ақтөбе мен Маңғыстау облысында қатты жаңбыр жауады», - деп хабарлайды Қазгидромет.

Осы күндері еліміздің оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы күндіз 23-30 градус аралығында ысиды.

«Ал, оңтүстік өңірлерде ауа температурасы 27-35 градусқа дейін, кей жерлерде 38 градусқа дейін ысиды», - деп хабарлайды Қазгидромет.

Серіктес жаңалықтары