$ 544.87  639.02  6.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.05.2025, 16:38
Қоғам

Отандық бренд Көктөбеге мүшеқап «кигізіп қойған»: компания жарнамасы үшін жауап бере ме (ВИДЕО)

Жарнама иесі отандық бренд болып шықты

Отандық бренд Көктөбеге мүшеқап «кигізіп қойған»: компания жарнамасы үшін жауап бере ме (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Мүшеқап шығаратын отандық бренд өз жарнамасына Алматыдағы атақты Көктөбенің телемұнарасын пайдаланған, деп жазады Azattyq Rýhy.

Бұл жарнамасы арқылы отандық бренд ЖИТС-тің (СПИД) алдын алу туралы ақпарат бергісі келген.

«ЖИТС-тің (СПИД) алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталықтың ресми мәліметі бойынша Қазақстанда АИТВ (ВИЧ) жұқтыратын 10 адамның сегізі жыныстық қатынаста сақтанбайды. Сондықтан, тәуекелге бармаңыз», - деп жазған компания жарнамасына.

Ал, видеоконтент ретінде отандық бренд мүшеқапты виртуалды түрде Көктөбе телемұнарасына кигізіп, көңілді музыка қойған.

Жарнамаға пікір қалдырған адамдар ЖИТС-пен күрес маңызды екенін, алайда Алматыдағы ғана емес, әлемдегі көрікті орындардың бірін бұлай мазақ етуге болмайды деп жазған. Тіпті желідегі оқырманның бірі полиция департаментінің аккаунтын белгілеп, жарнама иесін жазалауды сұраған.

Редакция осы жарнамаға қатысты Алматы қаласы әкімдігі мен полиция департаментіне сұрау жіберді.

 

Серіктес жаңалықтары