$ 541.45  631.17  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.05.2025, 15:20
Қоғам

Шыбын-шіркейге таланған баланың видеосынан кейін Түркістан облысының әкімдігі кінәліні тапты

Мердігер компания айыппұл арқалаған

Шыбын-шіркейге таланған баланың видеосынан кейін Түркістан облысының әкімдігі кінәліні тапты
Фото: видеодан скриншот

Жуырда Түркістан облысының тұрғындары әлеуметтік желіде шыбын-шіркейге таланған видеоларын жариялап, жәндіктерден «жапа шегіп» жүргеніне шағымданған. Мұны көрген өңір әкімдігі дезинсекцияға жауапты мердігер компанияны жазалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Түркістан облысында шыбын-шіркей мен масаны улау жұмыстарын «Satti Tulik» ЖШС жүргізеді. Облыс әкімдігі тұрғындардың арыз-шағымынан кейін мердігердің жұмысын сынап, компанияға 1,4 млн теңге айыппұл салған. Егер кәсіпорын өз міндеттемесін орындамаса, бұдан да қатаң шара қолданылады, деп ескертті олар.

«Сырдария өзені мен Көксарай су реттегіші бойында орналасқан елді мекендерде дезинсекция жұмыстарын «Satti Tulik» ЖШС орындайды. Ғылыми сүйемелдеу «Защита растений» ЖШС-ға жүктелген. Биыл биологиялық өңдеу әдеттегіден ерте – наурыз айынан басталды. Осы уақыт аралығында жеті рет дезинсекция жүргізілген. Дәрілеуге жататын жалпы аймақ 15 секторға бөлінген», - деп мәлімдеді әкімдік.

Келісімшартқа сәйкес, компания Сырдария өзенінде, Түркістан, Кентау, Арыс қалалары мен Отырар, Шардара, Келес, Ордабасы және Сауран аудандарында дезинфекция жүргізуге тиіс.

Серіктес жаңалықтары