29.04.2025, 16:19
Қоғам
Алматыда тұратын жетім жігіт мемлекеттен алған үйіне Қазақстанның туын іліп қойған (ВИДЕО)
Дмитрий бұны мақтанышпен айтып, үйін көрсетті
Фото: скриншот
Алматыдағы Жетімдер үйінің бірінде өскен Виктор есімді жігіт мемлекеттен алған пәтерін көрсетіп, мақтан тұтқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Менің атым Виктор, жасым 25-те. Мен Жетімдер үйінен шыққан жігітпін және маған мемлекет үй берді. Қазір сіздерге үйімді көрсетіп шығайын», - дейді видео түсірген жігіт.
Осылай деген жас жігіт бір бөлмелі пәтердің кіреберісін, жуынатын бөлмесі мен ас үйін видеоға түсірген.
«Ал мынау менің жататын бөлмем, мен өз елімнің патриотымын. Мынау – Қазақстанның туы», - дейді бойын мақтаныш кернеген ол.
Қазақстандықтар бұл видеоға өте жылы пікірлерін жазған әрі жігітке жарқын болашақ тілеген.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)