$ 513.68  583.03  6.24
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 10:35
Қоғам

Кейбір облыстар ауылға жұмысқа барған дәрігерлерге 8,5 млн теңге біржолғы төлемді әлі төлемей жатыр – министр

Біржолғы ақшалай көмек аса тапшы мамандық иелеріне арналған

Кейбір облыстар ауылға жұмысқа барған дәрігерлерге 8,5 млн теңге біржолғы төлемді әлі төлемей жатыр – министр
Фото: freepik.com

Қазақстанда былтырдан бері ауылға жұмыс істеуге барған медицина қызметкерлеріне 8,5 млн теңге мөлшерінде ақшалай төлем төленеді. Алайда денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, кейбір өңірлер әлі күнге дейін осы норманы іске асырмай отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министр ауылға жұмыс істеу үшін келген денсаулық сақтау мамандарына «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында әлеуметтік қолдау көрсетілетінін атап өтті. Сондай-ақ медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мақсатында әлеуметтік кепілдіктер мен ынталандырушы төлемдер пакеті кеңейтілген.

«Мәселен, 2024 жылдан бастап ауылдық жерге жұмысқа келетін аса тапшы мамандықтардың медицина қызметкерлеріне 100 айлық ең төменгі жалақы, яғни 8,5 млн теңге мөлшерінде біржолғы ақшалай төлемді көздейтін норма іске асырылуда. Алайда бүгінгі күні төлемдерді төлеу бойынша шешімдер кейбір өңірлерде әлі күнге дейін қабылданбаған», - дейді Әлназарова Үкімет отырысында.

Серіктес жаңалықтары